- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ТДМ 17. Тұрақты даму мүдделеріндегі жаһандық серіктестіктің шегінде жүзеге асыру шараларын нығайту және жұмысты жандандыру»
«ТДМ 17. Тұрақты даму мүдделеріндегі жаһандық серіктестіктің шегінде жүзеге асыру шараларын нығайту және жұмысты жандандыру»
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық іс-шаралар жүйесін қалыптастыру бағыты бойынша «ТДМ 17. Тұрақты даму мүдделеріндегі жаhандық серіктестіктің шегінде жүзеге асыру шараларын нығайту және жұмысты жандандыру» аясында 2024 жылдың 4 қазанында сағат 11:00-де 214 кабинетте Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен «FAO Халықаралық сарапшысы және Халықаралық бағдарламалар жетекшісі – PhD, профессор А.И.Моргуновтың қатысуымен семинар өтті. А.И.Моргунов кафедрамызға шетелден арнайы шақыртылған оқытушы ретінде докторанттарға «Популяциялық экологияның қазіргі мәселелері» пәнінен дәріс оқиды.
Америкалық ғалымның семинарына қатысқан профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен жас ғалымдарға табысты ғылыми жобалар жазу дағдыларын үйретіп, алған білімдерін қалың аудиторияда талқылады.
Семинарды факультет деканы б.ғ.д., профессор М.С.Курманбаева жүргізді. Іс-шараға кафедра меңгерушілері, профессор оқытушылар құрамы мен білім алушылар (магистранттар мен докторанттар) қатысты.