Биология және Биотехнология факультетінде жаңа студенттік декан сайланды
Оқу ордамыздың Биология және Биотехнология факультетінде 4 қазан күні студенттердің жаңа деканын анықтауға байланысты сайлау шарасы өтті.
Сайлаудың толықтай әділ өтуі үшін Жастар Ұйымдары Комитетінің орынбасары Шыныбекова Дана, Жастар Ұйымдары комитетінің экс-специалисті Пралин Данияр, Тарих факультетінің студенттік деканы Берікқызы Назерке, Студенттердің Ғылыми Қоғамы ұйымының төрағасы Бимағанбет Мереке сайлаға боақылаушы болыпқатысты.
Сайлауға факультеттік студенттері арасынан 3 студент студенттік деканға үміткер болды. Олар:
🔹Төлегенов Диас Алмасұлы – «Биотехнология» мамандығының 3-курс студенті;
🔹Әлтаева Жансая Еркінқызы – Нейроғылым мамандығының 3-курс студенті;
🔹Қалкөз Дильназ Жомартқызы – Биология мамандығының 3-курс студенті.
Сайлауға жалпы саны 331 студент қатысып, 1 бюллетень бүлінді. Соның нәтижесінде:
- Төлегенов Диас Алмасұлы – 28,2% дауыс,
- Әлтаева Жансая Еркінқызы –50,6% дауыс
- Қалкөз Дильназ Жомартқызы – 21,2% дауыс жинады.
Осылайша студенттердің белсенді ат салысып, әділ дауыс беруімен факультеттің жаңа студенттік деканы лауазымына Әлтаева Жансая Еркінқызы ие болды!