Механика-математика факультетінде жаңа студенттік декан сайланды
2 қазан, 2024
Университетіміздегі Механика-математика факультетінде 2 қазан күні жаңа студенттік деканды сайлау шарасы өтті. Факультеттің жаңа студенттік деканы болу үшін 4 студент үміткер болып, сайлауға түсті. Олар:
- Кетеш Жанарыс Бүркітбайұлы – «математика» мамандығының 3-курс студенті;
- Сарсенова Альбина Руслановна – «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 2-курс студенті;
- Тұрғанбек Нұрай Қуанышқызы – «Актуарлы математика» мамандығының 3-курс студенті;
- Тұрсынтай Нұрхан Нұрболатұлы – «Актуарлы математика» мамандығының 2-курс студенті.
Студенттік деканды сайлауға факультеттен 192 сайлаушы студент қатысты. Оның ішінде 14 сайлаушы Жанарыс Бүркітбайұлына дауыс берсе, 19 сайлаушы Альбина Руслановна, ал 31 сайлаушы Нұрай Қуанышқызына, қалған 128 сайлаушы Нұрхан Нұрболатұлы дауыс берді.
Студенттердің ат салысуымен әділ өткен сайлаудың нәтижесінде Тұрсынтай Нұрхан Нұрболатұлы Механика-математика факультетінің жаңа студенттік деканы болып тағайындалды.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024