Тазалық пен тұрақты даму: Қазақ Ұлттық Университетіндегі сенбілікFarabi University

Тазалық пен тұрақты даму: Қазақ Ұлттық Университетіндегі сенбілік

5 қазан, 2024

2024 жылдың 5 қазанында университет көлемінде дәстүрлі сенбілік өткізілді. Бұл іс-шараға биология және биотехнология факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен білім алушылары да белсенді қатысып, оқу орнының аумағын тазалау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін күш жұмсады. Сенбіліктің мақсаты – кампус аумағын тазарту, экологиялық мәдениетті арттыру, сондай-ақ студенттердің еңбек белсенділігін көтеру.

Сенбілік аясында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 12 – Жауапты тұтыну мен өндіріске де ерекше назар аударылды. Студенттер қайта өңделетін қоқыстарды бөлу, экологиялық таза өнімдерді пайдалану принциптерін игере отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғау жолындағы маңызды қадамдарды іске асыра білді. Олар түрлі қағаз, пластик және металл қалдықтарын дұрыс бөлу әдістерін үйреніп, университет аумағында экологиялық тұрғыдан жауапты тәртіп қалыптастыруға тырысты.

Сонымен қатар, ТДМ 15 – Жердегі экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды тұрақты пайдалану мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, табиғатқа деген қамқорлықты арттыруға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған қадам болды. Осылайша университеттің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында студенттер мен оқытушылар арасындағы достық қарым-қатынас нығайып, командалық рух қалыптасты. Бұл шара тек тазалықты сақтау ғана емес, сонымен қатар экологиялық білім мен жауапкершілікті дамытуға, қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған болды. Сонымен қатар, университеттің экологиялық мәдениетін нығайту, студенттердің еңбек белсенділігін көтеру және Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл шара жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық мәселелерге назар аударуға ықпал етті. Университеттің болашақ түлектері осындай жауапкершілікпен тәрбиеленіп, экологиялық таза қоғамның қалыптасуына зор үлес қосары сөзсіз.