Шетелде оқып жатқан ҚазҰУ студенттері референдумға белсенді қатысты
7 қазан, 2024
Фото: gov.kz
6 қазан күні Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде республикалық референдум өткен болатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелде білім алып жатқан студенттері саяси науқаннан тыс қалмай, белсенді қатысты.
Атап айтқанда шығыстану факультетінен Жапонияға және Қытайға кеткен білім алушы жастар аталған мемлекеттегі референдум учаскелеріне барып, дауыс берді. Осылай олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумда дауыс беруге 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024