ТДМ-3: Университет қалашығында күзгі сенбілік өтті

5 қазан, 2024

  Күз мезгілінің қанық бояулары ерекше байқалатын университет қалашығында «Green campus» жобасы аясында  ТДМ-3: «Мықты денсаулы және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыру үшін оқытушы-профессорлар мен студент жастардың қатысуымен күзгі сенбілік шарасы өтті.

  Сенбілікке келген оқытушы-профессорлар мен студенттердің барлығы қалашықты қоқыс заттар мен талдан түскен қураған жапырақтардан тазартты. Осылайша барлығы бірігіп жұмыс жасап, университет алып жатқан аумақты толықтай тазартуға өз үлестерін қосты.

  Бұл биылғы жаңа оқу жылы басталғаннан бері университетте ұйымдастырылып жатқан екінші күзгі сенбілік шарасы.

  Айналамызды, оқу ордамызды таза ұстау – өз қолымызда!