Ардагер ұстаздармен кездесуFarabi University

Ардагер ұстаздармен кездесу

5 қазан, 2024

2024 жылдың 4 қазанында Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – білім беру ісіндегі қажырлы еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін ардагерлерге алғыс білдіру, сондай-ақ олардың  кәсіби педагогикалық тәжірибесімен және өмірлік жетістіктерімен таныстыру арқылы болашақ мамандардың педагогикалық қызметке деген ынтасын арттыру.

Оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысқан кездесугепедагогикалық еңбектің ардагерлері – З.Ө. Жантекеева, Л.К. Туркпенова, Ж.Р. Баширова, К. Ж. Жолтаева, С. Д. Есенжолова, Ш. Т. Таубаева, А. Қ. Құсайынов, Г. К. Ахметова, Н. А. Асанов, Мамырбекова Г.А. шақырылды. 

Кездесу жылулық пен шынайылық ахуалында өтті. Қонақтар өздерінің педагогикалық қызметінің маңызды сәттерін еске алып, студенттердің сұрақтарына жауап берді, тәжірибелері мен даналық кеңестермен бөлісті, сондай-ақ жастарға болашақ кәсіби өмірінде сәттілік тілеп, бата берді. Өз кезегінде, білім алушылар қонақтарға музыкалық құттықтаулар арнап, жер бетіндегі ең асыл мамандық иелеріне арналған өлеңдер оқыды.