Биология және биотехнология факультеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушы қауымы мен студенттері 05.10.2024 ж. Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ 3-Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 6 - Таза су және санитария) өткен кампустағы университет ғимараттарының ішін және айналасын тазалауға арналған жалпы университеттік сенбілікке қатысты.
Сенбіліктің мақсаты – студенттерде салауатты өмір салты мен тазалыққа деген құштарлығын дамыту.
Сенбілік аясында «Пластик жинаңыз!» деген ұранмен, кампус айналасындағы басқа қоқыстардан бөлек пластик ыдыстарды жинастыруға көп көңіл бөлінді. Себебі, көп жылдар бойы пластмасса бұйымдарын өндіруде қатайтқыш ретінде қолданылатын – бисфенол А, гормоналды реттеудің қалыпты процестерін бұзатын жарқын және жағымсыз мысалы. Ол бүгінде тамақ өнеркәсібінде қолданылатын барлық пластик ыдыстарда кездеседі: су мен сусындарға арналған пластик бөтелкелер, азық-түлік контейнерлері және т.б. Тағамның пластикпен жанасуы нәтижесінде бисфенолдың белгілі бір бөлігі адам ағзасына енетіні анық. Мұндай «байытудың» салдары қазір белсенді түрде зерттелуде. Бірақ алаңдатарлық фактілер қазірдің өзінде пайда болуда. Мысалы, Гарвард медициналық мектебінің биологтары - Кэтрин Раковски және оның әріптестері - бисфенол А-ның жұмыртқаның жетілуін тежеу және сол арқылы бедеулікке әкелетін қабілетін ашты. Одан бөлек, пластик өнімдерінің қоршаған ортаға келтіретін зияны қаншама. Сондай-ақ, сенбілік барысында студенттерге пластиктің зиянды жақтарымен таныстыру жүргізілді.