VIII Халықаралық үй жануарларын өсіру, генетика және мал шаруашылығы конгресінің жыл сайынғы отырысы (ICABGEH-24).Farabi University

VIII Халықаралық үй жануарларын өсіру, генетика және мал шаруашылығы конгресінің жыл сайынғы отырысы (ICABGEH-24).

25 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Түркияның Анталия қаласында VIII Халықаралық үй жануарларын өсіру, генетика және мал шаруашылығы конгресінің жыл сайынғы отырысы (ICABGEH-24) өтті, оған молекулалық биология және генетика кафедраның қызметкерлері қатысты.

Конгресс генетика, жануарларды өсіру, аквакультура және ветеринария сияқты салалардың жетекші мамандарын жинады. Іс-шара барысында генетикалық зерттеулер мен ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық тәсілдерді қоса алғанда, заманауи жетістіктер, әдістемелер мен технологиялар талқыланды.

Конгрессте PhD, доцент м.а. Досыбаев Қайрат Жумагалиевич доклад жасады. Оның "Edilbay қойының генетикалық дифференциациясы" атты презентациясы заманауи молекулярлық генетика әдістерін пайдалана отырып, едильбай қойының генетикалық дифференциациясын талдауға арналды. Зерттеу аясында ішкі тұқымдық генетикалық құрылымды бағалау, популяциялық айырмашылықтарды анықтау және селекциялық факторлардың генетикалық алуан түрлілікке әсерін талдау жүргізілді. Доклад халықаралық ғылыми аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, әріптестер тарапынан оң пікірлер алды.

Кафедра қызметкерінің осы іс-шараға қатысуы шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми байланыстар орнатуға мүмкіндік берді, бұл болашақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Конгрессте талқыланған мәселелер мен ұсынылған әзірлемелер Қазақстандағы зерттеулерді жетілдіру және мал шаруашылығына жаңа шешімдерді енгізу үшін маңызды болып табылады.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы