- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТКІЗІЛДІ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 8 қазанда қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ф.Н.Дәулет және "Аударма ісі" мамандығы бойынша оқитын 1-ші және 2-ші курс магистранттары бірлесіп оқытудың коллаборативтік әдістерін қолдана отырып шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сынып барысында 1-ші және 2-ші курс магистранттары көпшілікке практикалық тапсырмаларды орындау, ғылыми жобаларды және теориялық материалдарды зерделеу бойынша бірлескен жұмысты көрсетті. Шеберлік сыныпта магистранттар топқа бөліне отырып, аударма теориясының өзекті мәселелері бойынша жасаған жобаларымен таныстырды. Топтың әрбір мүшесі алға қойылған практикалық тапсырмаларды орындау барысында өз үлестерін қосты. Топта Коллаборативтік ортада бірлесе жұмыс жасай отырып, магистранттар практикалық міндеттерді тиімді шеше білді. Шеберлік сыныптың қол жеткізген нәтижесі деп магистранттардың командада бірлесе жұмыс жасауды, топ мүшелері арасындағы өзара әрекеттестікті, ғылыми ақпаратты бірлесіп іздеуді, білім мен тәжірибе алмасу жолдарын жан-жақты көрсете алуын айтуға болады. Ф.Н. Дәулет магистранттар, докторанттар, сондай-ақ әртүрлі ЖОО оқытушылары мен жұмыс берушілердің қатысуымен инновациялық оқыту әдістерін қолдану әдістерін паш ететін ғылыми семинарлар, шеберлік сыныптары мен ашық сабақтарды жиі ұйымдастырып келеді. Мәселен, өткен жылдан бері профессор аталмыш мазмұнда 50-ден астам іс-шаралар өткізіп, олардың шеңберінде шет тілдерін оқыту және аудармаға баулудың ең тиімді әдістерін ортаға салды. Профессордың айтуынша, оқу процесінде құзыреттілікке бағдарланған және тұлғаға бағдарланған педагогикалық технологияларды қолдану - жаңа заман талабына сай жоғары дәрежелі мамандар дайындау жолында маңызды іс болмақ.