Алматы қалалық АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халық штабының алғашқы жиналысы өтті

6 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №9. Индустрияландыру, инновациялар және инфроқұрылым

Алматы қаласында АЭС құрылысын қолдау жөніндегі қалалық Халық штабының алғашқы жиналысы болып өтті. Штаб құрамына түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар және белсенділер кірді. Олардың арасында техника ғылымдарының докторы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Джапаров Борис Әлікенұлы да бар.

Жиынға қатысушылар қала мен жалпы елдің дамуы үшін АЭС құрылысының маңыздылығын, сондай-ақ атом энергетикасының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығы мәселелерін талқылады.

Халық штабы халық арасында ақпараттық науқанды белсенді түрде жүргізіп, АЭС құрылысының артықшылықтары туралы айтып, оның қауіпсіздігі туралы мифтерді жоюды көздеп отыр.

Жауапты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Б.А. Джапаров