- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алтай мемлекеттік университетінің МИЭМИС пен аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арасындағы ынтымақтастық – ТДМ-ға қол жеткізу жолы
Алтай мемлекеттік университетінің МИЭМИС пен аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арасындағы ынтымақтастық – ТДМ-ға қол жеткізу жолы
2015 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібі бүкіл әлемдегі барлық адамдардың өмірі мен болашағын жақсартуға қол жеткізуге арналған. Тұрақты дамудың 17 мақсаты іс жүзінде тұрақты және жан-жақты дамуды қамтиды. Тұрақты даму саласындағы 4-ші мақсат – сапалы білім беру. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру. Бұл мақсатқа әртүрлі шаралармен қол жеткізуге болады. Осы мақсатты іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың бірі өзара оқыту, тағылымдамалар және ақпарат алмасуды қарқындатуға бағытталған өзге де іс-шаралар сияқты нысандар болып табылады.
2016 жылдан басталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ мен Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық Экономика Менеджмент және ақпараттық жүйелер институты (МИЭМИС) https://miemis.asu.ru / (Ресей, Барнаул қ.) арасындағы қалыптасқан халықаралық ынтымақтастық және экономикалық және басқару ғылымдар саласында білім алу және алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық тарихы бар университет Қазақстандағы ғылым орталығына айналды, жастарға әртүрлі салаларда интеллектуалды дамуға және білім алуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманның талаптарына жауап беретін инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру ол өзін әлемдік деңгейдегі жоғары бәсекеге қабілетті зерттеу университеті ретінде танытты.
Бүгінгі таңда Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика менеджмент және ақпараттық жүйелер институты Алтай өлкесінің жоғары оқу орындарының ең беделді бөлімшелерінің бірі – экономикалық және басқарушылық кадрларды даярлаудың жетекші орталығы болып саналады. Бүгінде институт экономикалық білім берудің тұрақты жоғары сапасын қамтитын даму стратегиясын іске асыруда. Бұл стратегияны іске асыру Алтай мемлекеттік университетінің білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігін қолдауға, үздіксіз экономикалық білім беру және халықаралық байланыстар жүйесін дамытуға, білім беру қызметтерін әртараптандыруға бағытталған.
Осы орайда, ЖОО осындай сипаттамасы докторанттарға шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін таңдауына себепші болады.
Бұл тағылымдама докторанттарға зерттелетін ғылыми мәселелер бойынша білімдерін тереңдетуге, қолданылатын әдістемені қайта қарастыруға мүмкіндік берді және өз зерттеулеріне жаңа серпін береді.
Бекметова А.К. ҚазҰУ докторанты.әл-Фараби (Алматы қ.)