- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД 4 – Сапалы білім • ТМД 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау. Биоалуантүрлілік саласындағы шетелдік тағылымдама – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің үлесі
ТМД 4 – Сапалы білім • ТМД 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау. Биоалуантүрлілік саласындағы шетелдік тағылымдама – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің үлесі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Гүлзат Қайранова Стамбул қаласындағы Медицина Ғылымдары Университетінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша шетелдік тағылымдамадан өтіп, тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, ТДМ 4 («Сапалы білім») және ТДМ 15 («Құрлық экожүйелерін сақтау») қол жеткізуге ықпал тигізді.
ТДМ 4 – сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқу мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген грант аясында Гүлзат Қайранова сияқты жас ғалымдар халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысу мүмкіндігіне ие болып, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын тереңдете алады. Дәрілік және хош иісті өсімдіктер зертханасында жүргізілген зерттеулер сапалы білім мен ғылыми зерттеулердің медицина және фармакология саласындағы инновациялық тәсілдерді дамытудағы маңыздылығын көрсетеді.
ТДМ 15 – құрлық экожүйелерін және биоәртүрлілікті қорғауға және ұтымды пайдалануға бағытталған. Тағылымдама барысында өсімдік экстрактілерінің биологиялық белсенділігі зерттеліп, олардың антиоксиданттық белсенділігі жоғары, цитотоксикалық әсерлері орташа және микроорганизмдерге қарсы қасиеттері анықталды. Бұл нәтижелер өсімдіктің микроорганизмдерге қарсы және қатерлі ісікке қарсы препараттарды әзірлеудің жаңа көзі ретінде әлеуетін көрсетеді, бұл биоәртүрлілікті сақтау және оны ұтымды пайдалану қажеттілігін айқындайды.
Сонымен қатар, осы ғылыми тағылымдама барысында алынған халықаралық тәжірибе докторанттың біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге де мүмкіндік береді.
Мамурова Асем Тлеужановна - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымд.профессоры.
Кайранова Гүлзат Қанатқызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы