«Farabi kubogi – 2024» спорттық сайысы өтті
Жастар ұйымдары комитетінің Жоғары Студенттер Кеңесі ұйымдастыруымен 6 қазан күні жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Farabi kubogi – 2024» спорттық сайысы өтті.
Ойын ережесі бойынша бұл спорттық сайысқа әр факультеттен 7 адам қатысып, факультеттер өзара бақ сынасады. Әрбір командаға арнайы жасалған карта беріледі. Қатысушылар картада белгіленген жер бойынша жүгіріп қана қоймай, сол жерлерде қойылатын сұрақтарға жауап береді. Қойылатын сұрақ саны – 3.
Жеті қатысушының бесеуі белгіленген жерге келген жағдайда ғана сұрақ қойылу басталады. Сұраққа қате жауап берген жағдайда, қосымша белгілі бір секунд қосылады.
Жүйріктердің жүйрігі мен мықтылардың мықтысы анықталатын ауқымды жобамыздың осы жылғы нәтижесі төмендегідей:
🥇 І орын – Механика-Математика факультеті;
🥈 ІІ орын – Экономика және Бизнес Жоғары мектебі;
🥉 ІІІ орын – Физика-техникалық факультетінің жігіттері иеленді.
Сонымен қатар өзге де қатысушы факультеттер алғыс хатпен марапатталды. Барша жеңімпаздыы жүлделі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!