- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ ҚАЗҰУ-дың «МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ» ТДМ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ ҚАЗҰУ-дың «МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ» ТДМ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
2024 жылдың 7 қазанында 1-курс эдвайзері А.Ж. Серікқанова 1 курс студенттерімен бірлесіп «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Салауатты өмір салты - бұл тұтастай ұлттың және әрбір адамның денсаулық жағдайын айқындайтын негізгі өлшем. Дөңгелек үстел барысында студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы өз тәжірибелерімен және қиындықтарымен бөлісті, жалпы денсаулықты жақсарту бойынша өз ойларын ортаға салды. Студенттер осы іс-шара арқылы әр адамның ағзасы бірегей болып келетінін, алайда салауатты өмір салтын ұстану жолында күн тәртібін сақтау өте маңызды екенін түсінгендіктерін атап өтті. Спортпен тұрақты айналысу, дұрыс ұйқы және дұрыс тамақтану - бұл әрбір адам үшін денсаулықтың іргетасын құрайтын маңызды факторлар. Іс-шараға қатысушыларды нәтижесінде рух пен жанның саулығы дененің саулығымен тікелей байланысты, денсаулық - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес игілігі деген қорытындыға келді.