Көшбасшылық дағды: әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер

10 қазан, 2024

2024 жылдың 10 қазанында ТДМ-ның 5-мақсаты гендерлік теңдік саясатына сай Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналған «Көшбасшылық дағды: әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг спикері кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.М.Айтбаева болды. Аталмыш іс-шараға факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Семинардың мақсаты — әйелдерге кәсіби даму жолында жаңа мүмкіндіктер ашу және   қатысушыларға көшбасшылық, стратегиялық ойлау және команданы басқару дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін жолдарын көрсету. Семинар-тренинг әйелдердің көшбасшылық әлеуетін ашуға және олардың кәсіби өміріндегі өзгерістерге ықпал етуге бағытталған.

Семинар-тренингте әйелдер үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту және олардың заманауи әлемдегі жаңа мүмкіндіктері туралы айтылды. Бұл мәселе тек жеке дамуға ғана емес, әйелдер көшбасшыларының санының артуы жаңа мүмкіндіктер туғызып, менторлық рөлдерді нығайтуға әсер етеді.Көшбасшылық  тренингтер мен бағдарламалар әйелдерге көшбасшылық дағдыларын дамытуға, білімі мен тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.