ТДМ-4. Студенттер фотожурналистиканың қыр-сырымен танысты

30 қыркүйек, 2024

«4 бағыт: Сапалы білім» бағыты бойынша БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті кәсіби журналистер мен журналистерді даярлауда отандық және халықаралық сарапшылардың тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады.  Баспа ісі, редакциялық және дизайн өнері кафедрасы шетелдік журналистердің қатысуымен тұрақты түрде шеберлік сабақтарын өткізді. Дүйсенбі күні атақты фототілшілер Фил және Элин Паскинимен кездесу өтті, оның мақсаты студенттерді журналистикадағы жаңа жетістіктерге шабыттандыру және әлемдік кәсіпқойлардың бірегей тәжірибесімен бөлісу болды.

 Дәріс барысында қауымдастырылған профессор, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы кафедра студенттеріне арнайы қонақтарды таныстырып, бұдан кейін Фил және Элин Паскуини өздері түсірген фотосуреттердің тарихынан сыр шертіп, ғажап сурет түсірудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

 Әрине, болашақта журналист және баспагер-редактор боламын деген мамандар үшін кәсіби фотожурналисттердің шеберлік дәрісін тыңдау – зор мәртебе. Себебі, біз жастар тек отандық іс-тәжірибемен шектеліп қана қоймай, шетел тәжірибесіне де сүйенуіміз қажет. Бұл кездесу студенттердің арнайы қонақтармен тілдесіп әрі сұқбаттасуына үлкен мүмкіндік сыйлады. 

Алтынай СЕЙТКЕН, Баспагерлік-редакторлық және

дизайнерлік  өнер кафедрасының 4-курс студенті