ТДМ-4: Студенттер театрда «Баянсыз бақ» қойылымын тамашалады

3 қазан, 2024

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер  театрында 3 қазан күні «Баянсыз бақ» қойылымы көрермендер назарына жол тартты. Бұл қойылымды тамашалауға университетіміздің тарих факультетінің студенттері барды.

Америкалық жазушы Вина Дельмардың шығармасы бойынша сахналанған бұл қойылым көрермендерді баурап алды. Әсіресе, отбасы құндылықтары мен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері тереңінен ашылғандығы көпшіліктің көңілінен шықты. Кейіпкерлердің тағдыры мен ішкі жан дүниесінің күрделілігі актерлердің шеберлігімен жеткізіліп, көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Студенттер драмадан алған әсерлерімен бөлісіп, қойылымның өзектілігін, ой саларлық тақырыбын атап өтті. Олардың пікірінше, «Баянсыз бақ» бұл – тек отбасылық драма ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, махаббат, парыз туралы философиялық толғаныс.

Оқытушылар да қойылымның жоғары көркемдік деңгейін, режиссерлік шешімдерінің тапқырлығын, актерлердің кәсіби ойынын жоғары бағалады. «Баянсыз бақ» драмасы тарих факультетінің студенттері мен оқытушыларына терең ой салып, рухани азық берген мәдени шара болды.