Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының бағытын жүзеге асыру бойынша 08.10.2024 күні №10 жатаханада сағат кешкі 18:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Б.Б.Кәрібаев және профессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен «Алма Party» шарасы өткізілді. Бұл іс-шара кафедраның профессор-оқытушыларын білім алушылармен кездестіріп, студенттермен ортақ ой бөлісіп, әңгімелесуге ұласты. Оқытушылар алма (алма апортын) өнімдерінің тарихын баяндап, алманың пайдасын дәріптеу арқылы студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жылы лебіздерін білдіруге атсалысты. Кездесу барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, өлең айтты. Шара соңында студенттерге апорт алмасы таратылды.