"БАУЫРСАҚ-ПАТИ"

11 қазан, 2024

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА ТДМ 2 аясында  "БАУЫРСАҚ-ПАТИ" шарасы болып өтті. Шараны факультет деканы С.А.Сартаев құттықтау сөзбен ашып,ұлттық ән-күйімізбен ұласты. 25-топ тыңдаушысы Арай Мұхарапқызы өз арнау өлеңін оқыды.
    Бауырсақ- қазақтың қасиетті ұлттық тағамы.
 Ұлтты ұлт ретінде танытар өзінің өміршең салт-дәстүрі, ұлттық жөн-жоралғысы,мәдениеті  болады. Солардың бірі-ұлттық ас, дәмді тағамы.   Бауырсақ, қазы-қарта, қымыз бен шұбаттан нәр алған, тарих беттерінде аңыз болып айтылар алпауыт батырларымыз қаншама! Құрамы құнарлы, табиғи, таза өніммен қоректенген әр баланың ағзасы таза, зейіні ашық болары хақ. Қазақ ең әуелде «Ас атасы-нан» деп қастерлеп, асыл дәнді әрқашан қасиетті санаған.  Сырттан шаршап оралғанда балқаймаққа батырып жеген анамыздың ыстық бауырсағы таңдайымыздан кетер ме, сірә! Иә, бесіктен бастап берекелі дастарханның егесі болар біздер бақытты балалармыз. 
Әр қазақ өзінің ұлттық тағамымен мақтанса керек. Бүгінгі шарада осы шетелдік студенттер қазақтың ұлттық тағамынан дәм татты. Дәстүрімізді ұлықтайтын ән айтылды,күй тартылды. Ұстаздар мен шәкірттер бауырсақтан дәм татып,ұлттық мереке шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.