Тұрақты даму мақсаттарының бірі – әлемнің барлық елдеріндегі байлар мен кедейлерді, дамыған, артта қалған елдерді әрекет етуге шақыру болып табылады. Ол мақсаттар әлемнің әл-ауқатын жақсартуға және оны қорғауға бағытталған. Көптеген мемлекеттерде кедейлікті жою жөнiндегi шаралар бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау және жұмысқа орналастыру саласындағы бiрқатар мәселелердi шешу жөнiндегi жұмыстарды күшейтумен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен, климаттың өзгеруiмен күрес жүргізу сынды сұрақтарды қатар шешу арқылы жүргізіледі.
Бүгінде адамдардың 10% астамы өте кедей жағдайда өмір сүреді, ал жұмыс істейтін халықтың көпшілігі үшін жұмыстың болуы оларға лайықты деңгейде өмір сүруге кепілдік бермейді. Айналасындағылардың қаржылық жағдайы әркім үшін маңызды, өйткені барлық адамдардың әл-ауқаты өзара байланысты. Кедей халықтың өсуi экономиканың өсуіне кедергі жасайды, қоғамның тұтастығына нұқсан келтiредi, саяси және әлеуметтiк жанжалдарды күшейтедi және қылмыстың жоғары деңгейiне себеп болады.
1-ТДМ аса кедейлiктi жоюға бағытталған және кедейлiктi азайту жөнiндегi нақты мiндеттердi қамтиды. Мұндай жағдайда әрбір адам осы міндеттерді шешуде бейжай қалмай, өз үлесін қосуы тиіс.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқитын шетелдік тыңдаушылар 1.1 және 1.2 міндеттерінің маңыздылығын түсіне отырып, «Ізгі істер» жобасын іске асыруға қатысты. Шетелдік студенттер өз еріктерімен мұқтаж және тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік жиынтықтарын сатып алып, оларды Алматы қаласындағы орыс Православ шіркеуінің Никольск соборына тапсырды.