Орталық Азия елдеріндегі гендік банктер операциялары

12 қазан, 2024

2024 жылдың 8-11 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Ислам даму банкінің қолдауымен «Ауыл шаруашылығының қолданбалы зерттеулері халықаралық коммерциялық емес орталығының (ICBA)» ұйымдастыруыменен Орталық Азия елдерінде өсімдіктердің генетикалық қорларын сақтау бойынша «Орталық Азия елдеріндегі гендік банктер операциялары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинардың  мақсаты – табиғи ресурстарды сақтап қалу үшін өсімдіктердің генетикалық банктерін және ауыл шаруашылығының биологиялық алуан түрлілігін тиімді басқару. Бағдарламада генетикалық қорларды сақтау әдістері, тұзданған топырақта ауыл шаруашылық дақылдарының стресстік жағдайға төзімділігін арттыру, климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылық дақылдарының бейімделуі, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлердің генетикалық қорларын сақтаудағы нормативтік ережелер мен стандарттар, генетикалық қорлардың приоритетті бағыттары, ғылыми жетістіктері талқыланды. Алынған мәліметтерді цифрлық құралдармен басқару тәжірибесі талданды. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан, БАӘ, Үндістаннан қоршаған орта мәселелері бойынша  әртүрлі ұйымдардан мамандар қатысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде қатысушылар Өзбекстандағы жергілікті генетикалық банктері мен Мемлекеттік Аграрлық университеттің ғылыми өндірістік базасында , Генетикалық ресурстар ғылыми зерттеу институтының тәжірибелік алаңында далалық семинар өтті. Қазақстаннан бұл семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессор м.а., б.ғ.к. Мұқанова Гүлжанат және 1-ші курс докторанты Әлимұратқызы Айтолқын қатысып, осы тақырыпта біліктіліктерін арттырып, нәтижесінде халықаралық сертификаттарға ие болды.