ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ (САПАЛЫ БІЛІМ) АЯСЫНДА ШАРДЖАДА ӨТКЕН ЕКІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАБТАНУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

14 қазан, 2024

2024 жылдың 21-22 қыркүйегінде Шарджада (БАӘ) «Еуропадағы және басқа елдердегі арабтану: араб тілінің дамуына шығыстанушылардың қосқан үлесі» атты екінші халықаралық конференция өтті.
Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Мамедова Фатима «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасы шеңберінде серіктестік аясында конференцияға қатысып, «Еуропада араб тілін зерттеу: арабтанушылардың араб тілінің дамуына қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияның негізгі мақсаты – халықаралық платформада зерттеуші әріптестер арасында тәжірибе алмасу және тікелей қарым-қатынас орнату. Конференция қорытындысы бойынша Жоғарғы Кеңес мүшесі, Шарджа әмірлігінің билеушісі және Шарджа Араб тілі академиясының жоғарғы президенті, доктор Сұлтан бин Мұхаммад әл-Касими конференция қатысушыларына сертификаттарды жеке өзі табыстады.
Конференция жұмысына Италия, Польша, Германия, Испания, Франция, Қазақстан, Ресей, Түркия, Аустрия және Данияны қоса алғанда, 14 елдің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми ұйымдарынан 24 өкіл қатысты.