ТДМ-4: Студенттер театрда «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын тамашалады
Заң факультетінің студенттері 8 қазан күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» шығармасын сахналайтын қойылымды тамашалады.
«Қызыл орамалды шынарым» бұйырған баққа ризалық білдіріп, жеңіл ләззаттың арбауына түспеуге итермелейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, танымал шығарма көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды. Сезімді бағаламау, өз қорқынышың мен менмендігіңнің салдарынан ең қымбат жандарыңнан айырылуға болатындығын автор осы шығармасы арқылы өз оқырмандарына түсіндіруді мақсат етеді. Осы шығарманың негізінде сахналанға бұл қойылымда орындалған әндерде адам жанын баурап алатын мағынасы жоғары әндер.
Қойылымға келген студенттер театрдың өздеріне беретін мол тәлімі мен тәрбиесін тереңінен түсінді. Олар қойылымның соңында алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.