ТДМ-4: «Құмар ойыннан құтылу жолдары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

8 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 8 қазан күні Механика-математика факультеті студенттеріне арнап «Құмар ойыннан құтылу жолдары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс  барысында бүгінгі күні жастар арасында белең алып жатқан құмарлық ойындарға қатысты «бас тігу» «қаржылық қабілеттілік» «бай болудың жолдары» секілді тақырыптар кеңінен сөз болды. Олардың қазіргі кездегі жастар өміріндегі алатын орындары толық айтылды. Аталған дәріске  келген студенттер «Лудомания мен ойынға тәуелділіктің алдын алу» жайында негізі ақпараттармен танысып, сондай-ақ оның дүниетанымен және  оның белгілерін, пайда болу факторларын, сонымен қатар оларды алдын-алу жолдарымен танысты. Дәріс кезінде көптеген қоғамда лудоманияға байланысты орын алған мысалдар келтіріліп, студенттерде өз өмірінен қаржылық мәселесіне байланысты оқиғаларымен бөлісіп, дәрістің пайдалы әрі қызықты өтуіне үлкен септегін тигізді. Дәріс соңында студенттер қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Бұл кездесу маңызды тәрбиелік мәнге ие болды деп толық айта аламыз.