ТДМ-4: «Лудомания мен ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.

9 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 9 қазан күні Филология факультеті студенттеріне арнап «Лудомания мен ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрісте келесідей тақырыптар айтылды:

  • құмар ойындардың сипаттамасы және түсінігі
  • олардың психологиялық және әлеуметтік белгілері
  • жастардың құмарлық ойындарына әуестілігі
  • лудоманияны алдын-алу жолдары

Дәріс барысында бүгінгі күні жастар арасында белең алып жатқан құмарлық ойындарға қатысты «бас тігу» «қаржылық қабілеттілік» «бай болудың жолдары» секілді тақырыптар кеңінен сөз болды. Олардың қазіргі кездегі жастар өміріндегі алатын орындары толық айтылды. Дәріс кезінде көптеген қоғамда лудоманияға байланысты орын алған мысалдар келтіріліп, студенттерде өз өмірінен қаржылық мәселесіне байланысты оқиғаларымен бөлісіп, дәрістің пайдалы әрі қызықты өтуіне үлкен септегін тигізді. Дәріс соңында студенттер қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Бұл кездесу маңызды тәрбиелік мәнге ие болды деп толық айта аламыз.