"Таза су және санитария: Қазақстандағы сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары"
2024 жылғы 14 қазанда география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы Алимсеитова Ж.К. "6В07304-Кадастр" және "6В07303-Жерге орналастыру" мамандықтарының 4 курс студенттерімен "Таза су және санитария: Қазақстандағы сын - қатерлер мен оларды шешу жолдары" тақырыбында тұрақты даму мақсатына (ТДМ) арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Таза су мен санитарлық жағдайға қол жеткізу денсаулық мәселесі ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның әл — ауқатының негізі болып табылады. Су өмірдің негізі болып табылады және онсыз экономика да, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да дами алмайды. БҰҰ таза су мен санитарияға қол жеткізуді тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарының бірі деп санайды.
Қазақстан — су әрқашан біркелкі бөлінбейтін ел екенін бәріміз білеміз. Мысалы, елдің оңтүстігінде және батыс бөлігінде су ресурстары орталық немесе шығыс бөлігіндегідей көп емес. Бұл ауыл шаруашылығы үшін де, халық үшін де көптеген қиындықтар туғызады.
Маңызды проблемалардың бірі-су объектілерінің ластануы. Өнеркәсіптік қалдықтар, ауылшаруашылық ағындары, тұрмыстық ластану судың сапасын нашарлатады. Бірақ су елді мекендерге түссе де, ол жиі жеткілікті тазалаудан өтпейді және адамдар ластанған суды пайдаланады, бұл денсаулыққа кері әсер етеді.
Сумен жабдықтау және санитария мәселелері, тек мемлекет пен ірі ұйымдардың проблемалары ғана емес. Біздің әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Су ресурстарына ұқыпты қарау, экологиялық акцияларға қатысу, экологиялық өмір салтын насихаттау — мұның бәрі еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды.
Жеке әдеттерден бастап, экологияны жақсартуға бағытталған жобаларға қатысуға дейін сумен жабдықтау мәселесін шешуге қалай көмектесе алатыныңыз туралы ойланыңыз.