Экологиялық мониторинг жүргізуге арналған заманауи технологиялар

15 қазан, 2024

2024 жылғы 15 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты  даму бойынша ЮНЕСКО  кафедрасының аға оқытушылары А. К. Таныбаева және А. Б. Керимкулова  Тұрақты даму мақсаты №4 "Сапалы білім беру" аясында  "Экология" ББ 3-ші және 4-ші курс студенттерінің "Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығы" қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды. 

Кездесуде инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластері бас директорының орынбасары Ө.Ж. Таукебаев пен орталық директоры Қ.Б. Зулпыхаров ашық дәріс өткізіп, студенттерді университет бөлімшесінің қызметімен таныстырды. Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) саласындағы ғылыми зерттеулерге, соның ішінде әртүрлі кеңістіктік ажыратымдылықтағы ғарыштық суреттерді алуға, өңдеуге және таратуға баса назар аударылды. Дәріскерлер ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, экологиялық мониторинг жүргізу және талдамалық зерттеулер жүргізу процесін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Студенттерді ғарыштық технологияларды қолдана отырып, экологиялық мониторингке бағытталған Орталықтың ғылыми жобалары ерекше қызықтырды. Бұл кездесу болашақ экологтарға қоршаған ортаны бақылаудың заманауи технологиялары және олардың экологиялық мәселелерді шешуде практикалық қолданылуы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Толығырақ: https://www.instagram.com/rs_gis_kaznu/profilecard/?igsh=MWlrb3F5ZzV0dTNzeA%3D%3D