ҚазҰУ ректоры «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторымен кездесті

15 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Қазақстан жазушылар одағының хатшысы – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақыппен кездесті.

Жүздесуде тараптар БАҚ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.

Оқу ордасының ректоры  туған университетіне ат басын бұрған белгілі ақын, журналиске ризашылығын білдіріп, ҚазҰУ-дың соңғы жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталды.

Жансейіт Түймебаев кездесу барысында журналистика факультетінің студенттерін «Қазақ әдебиеті» газетінде тағылымдамадан өткізу мәселесіне назар аударды. Жас журналистерге бағыт-бағдар беріп, саланың қыр-сырын үйрету үшін тәжірибе бөлісуді ұсынды.

Өз кезегінде ҚазҰУ түлегі, ҚР ҰҒА академигі әдеби басылымның көшбасшы университетпен өзара ықпалдастыққа мүдделі екенін және тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі