ТДМ аясында Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасында ашық сабақ өтті

16 қазан, 2024

2024 жылы 14 қазанда Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушысы Күлжан Бекенқызы Жанатаева ТДМ «Сапалы білім» аясында 6В02207-Шығыстану білім беру бағдарламасы, 3 курс студенттеріне «Оқитын шығыс елінің мемлекеттік-саяси құрылысы» пәні бойынша "Түркияның саяси өміріндегі әскердің орны" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, PhD А. Халел, PhD, професоры  м.а. А.А. Құрманәлі және кафедраның әдістемелік кеңесінің төрағасы, аға оқытушы А.Ж. Назарова қатысты.

 Аралас дәріс түрінде өткізілген ашық сабақта дәріскер студенттерге Түркиядағы әскери  құрылымның саяси өмірдегі рөлі, түрік қарулы күштері және олардың әртүрлі қақтығыстарда қатысуы туралы нақты баяндады. Сонымен қатар студенттерге ХХ ғасырда елдің тарихында орын алған төрт әскери төңкерістің мақсаты мен нәтижесі туралы түсіндірілді. АҚШ-тың Түркиядағы әскери базалары елдің физикалық картасынан көрсетіліп, дәрісте безендірілеген түрік қарулы күштерінің таңбалары мен түрлері таныстырылды.

Ашық сабақта 3 курс студенті Асанова Ақерке презентация түрінде Түркияның қарулы күштері туралы баяндап, казіргі кездегі түріктің заманауи әскери технологиясына тоқталды. Сондай-ақ 3 курс студенті «Сирия мәселесіндегі Түркияның орны» тақырыбында сөз қозғады.

Дәріс соңында оқытушы тарапынан студенттерге тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін  қойған бақылау сұрақтарына нақты жауап алынды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.