- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Ирантану бөлімінің меңгерушісі Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) аясында Иранда өткен форумға қатысты
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Ирантану бөлімінің меңгерушісі Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) аясында Иранда өткен форумға қатысты
Ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева «Тұрақты Даму Мақсаттары» жобасы шеңберіндегі «Сапалы білім беру» аясында Иранда 5-7 қазан аралығында өткен «Азиялық мәдени сұхбаттар; парсы тілі – ортақ рухани мұра» атты Иран және Азия елдеріндегі парсы тілін оқытатын орталықтар мен бөлімдер басшыларының 1-ші форумына қатысты. Бұл форумда Армения, Ауғанстан, Ирак, Пәкістан, Тайланд, Фелиппин, Қазақстан және Иранның бірқатар университеттері өкілдері болды. Форум жұмысы 5-6 қазанда Нишапур университетінде басталып, 7-ші қазанда Мешхед қаласындағы Фирдоуси атындағы университетте жалғасты. Нәтижесінде, бұл форумды Ирандық және шетелдік университеттердің бірінде жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылданды. Ирандық Табатабаи университеті және Ереван мемлекеттік университеті өкілдері мұндай форумды өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Форум соңында қарар қабылданып, онда ирандық университеттер мен шетелдердегі парсы тілін оқытатын орталықтар мен бөлімдер арасында әріптестік қарым-қатынастар орнату, ортақ әдеби мұраларға қатысты докторанттардың ғылыми жұмыстарына бірлесіп жетекшілік жасау, фестивальдар, олимпиадалар өткізу, парсы тілі оқытушыларына арналған білім жетілдіру курстарын өткізу, кітаптар шығару, сөздіктер құрастыру және т.с.с. бірлесіп атқарылатын жұмыстар тізімі жасалды.