«Темекі шегу денсаулыққа зиян»

8 қазан, 2024

2024 жылдың 8 қазанында «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс эдвайзері Таирова Г.А. «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесе отырып, No17 жатақханада «Темекі шегу денсаулыққа зиян» тақырыбында «Денсаулық пен салауаттылық» 3 ТДМ аясында іс-шара өткізді.
«Темекі шегу денсаулыққа зиян» атты іс-шара студенттердің темекі шегудің кері зардаптары туралы түсініктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Айта кету керек, мұндай шаралар ақпараттандыруға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында белсенді пікірталас тудыруға көмектеседі. Іс-шараның мақсаты – студенттерге темекі шегудің денсаулыққа зияны туралы ақпарат беру, темекі шегудің алдын алу және одан бас тарту жолдарын талқылау, студенттер арасында пікір алмасу алаңын құру.
Темекі шегудің денсаулыққа әсері (физикалық және психологиялық аспектілері), статистика, темекі шегудің басқаларға әсері және профилактикалық шаралар мен темекі шегуді тоқтату бағдарламалары қамтылды. Материал ұсынылғаннан кейін ашық пікірталас өтті. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, темекі шегу және оның зардаптары туралы өз пікірлерімен бөлісті. Қорытындылай келе, куратор шараның негізгі тұстарын қорытындылап, қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Ұйымдастырушы: Таирова Г.А.