2024 ж. 13-14 қазан күндері университет музейінде филология факультетінің оқытушысы Қарабаева Ханшайым Әбдутәліпқызының жетекшілігімен физика техникалық факультетінің 2 курс орыс бөлімінің студенттеріне кураторлық сабақ, танымдық экскурсия жүргізілді.

15 қазан, 2024

Факультеттің өндірістік электроника, бағдар беру жүйесі мамандығының студенттері музей экспозицияларын аралап, университеттің терең тарихы мен болашақтағы жоспарларымен танысты.

1934 ж. ең алғашқы болып ашылған физика факультетінің түлектері бүгінгі күні өндірістің әр саласында абыройлы қызмет атқарып келеді. Сандық технологияның жаңа белестерін бағындыратын бүгінгі факультет студенттері, университетте алып жатқан білімдерінің жоғары деңгейде екенін айтып өтті. Университеттің тарихы, ғылыми мектептері мен келешектегі үлкен жоспарларынан қызықты мәлімет алған студенттер экскурсияға ризашылықтарын білдірді.