2024 жылғы 15 қазанда 317 аудиторияда доктор PhD доцент м.а. Карашева Ж.Т. эдвайзерлік 310 тобымен “Тіл – ұлттың жаны” тақырыбына арналған дәріс-талқылауы өтті. Кездесудің мақсаты студенттерді мемлекеттік тілдің маңыздылығымен тан ыстыру ғана емес, сондай-ақ тілдің ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін талқылау үшін платформа құру болды. Эдвайзер Карашева Ж.Т. келесі міндеттерге назар аударды:
1. Тілдің ұлтты біріктіруші және ұлттық бірегейлікті қалыптастырушы ретіндегі рөлін талдау.
2. Тілдің мәдениет пен дәстүрді сақтаудағы маңызын көрсету.
3. Студенттердің тілге деген құрметін арттырып, оның қоғамдағы рөлі туралы сыни ойлауын дамыту.
Талқылау барысында бірнеше негізгі тақырыптар қаралды:
1. Мемлекеттік тілдің орны: Қазақ тілінің елдің саяси, мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызы ерекше. Ол ұлттық бірліктің негізі, халықтың рухани тірегі ретінде сипатталды.
2. Тіл және мәдениет: Ұлттық тілдің мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі екендігі атап өтілді. Тіл арқылы халықтың дәстүрлері, тарихы, салт-санасы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
3. Тілдің дамуы: Қазақ тілінің заманауи талаптарға сай дамуы, оның халықаралық аренадағы рөлі мен қоғамдағы орны талқыланды. Тілдің сан қырлы қолданылуын қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялардың ықпалы да сөз болды.
4. Тіл және тұлғаны қалыптастыру: Тілдің адамның тұлғалық және рухани дамуына тигізетін әсері үлкен. Ол адамның дүниетанымы мен ұлттық құндылықтарға көзқарасын қалыптастырады.
Студенттер талқылауға белсене қатысып, қазақ тілінің қоғамдағы рөлін қалай күшейтуге болатыны жөнінде өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, тілдік саясаттың жас ұрпаққа әсері мен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселелері ерекше қызығушылық туғызды.
“Тіл – ұлттың жаны” тақырыбындағы талқылау студенттердің өз мәдениеті мен тіліне деген жауапкершілікті сезінуіндегі маңызды қадам болды. Бұл болашақта ұлттық бірегейлікті сақтау және оны нығайту жолында жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Карашева Ж.Т. осындай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, әрбір студенттің ана тіліне құрмет көрсетуі және оның қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуі маңызды екендігін айтты.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024