Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі
2024 жылғы 11 қазанда «Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» (ҚОҚ және ӨҚ) білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты. Іс-шараны 1-курс магистранттары Айсанова Асылжан, Жұмабек Айжан ұйымдастырды (көктемгі топ). Ол педагогикалық практика аясында доцент А.К. Қожаханның жетекшілігімен өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - әйел-ұстаздардың білім және ғылымды дамытудағы, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың қалыптасуындағы маңызды рөлін талқылау. Іс-шараның міндеті студенттердің кәсіби ортада гендерлік теңдік мәселелеріне қызығушылығын арттыру және білім беру мен ғылыми мекемелердегі әйелдердің кәсіби өсуін қолдауды мақсат етіп қойды
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы әйелдердің білім және ғылым жүйесін дамытудағы маңызды әрі көп қырлы рөлі талқыланды. Қатысушылар әйел-ұстаздардың еліміздің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі және ғылыми саладағы жетістіктердегі үлесін атап өтті. Гендерлік теңдік мәселелері мен білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда әйелдердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара студенттердіңғылым және педагогикалық қызметтегі әйелдердің рөліне, сондай-ақ олардың қоғамды дамытудағы үлесін түсінуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.