- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында О.П.Джиндал (Үндістан) университетінен келген делегациямен кездесті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында О.П.Джиндал (Үндістан) университетінен келген делегациямен кездесті
2024 ж. 18 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғасында Тұрақты даму мақсаттары аясында Үндістаннан келген О.П. Джиндал жаһандық университетінің делегациясымен маңызды кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – екі жетекші университет арасындағы ықтимал ынтымақтастық жолдарын талқылау болды.
Кездесуге университетіміздің әкімшілігі мен шығыстану факультетіне қатысты үндітану бөлімінің профессор-оқытушылары, сондай-ақ О.П. Джиндал жаһандық университетінен келген қонақтар қатысты. Тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттермен және оқытушылармен академиялық мақсатта алмасу және болашақ ықтимал ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттарын талқылады.
Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Үндістан арасындағы білім және ғылым байланыстарын нығайтуға, екі университеттегі білім беру мен ғылыми зерттеулер деңгейін арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз.