- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында ашық сабақ өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында ашық сабақ өтті
2024 жылғы 02 қазанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Мұқаш А.Е. «Сапалы білім» ТДМ -ы аясында «Шығыстану» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне «Түрлі елдердің мемлекеттік және саяси құрылымына әсер ететін ерекше факторлар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында араб елдерінің мемлекеті мен саяси жүйесіне экологиялық факторлардың әсері, туризм, интернет саласындағы тенденциялары және көші-қон мәселелері талқыланды. Сабақ барысында климаттың өзгеруі түрлі аймақтағы мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына қалай әсер ететініне ерекше назар аударылды. Оқытушы XXI ғасырдағы соңғы оқиғалардан мысалдар келтірді, бұл студенттердің араб әлеміндегі қазіргі үдерістерді жақсы түсінуіне мүмкіндік берді. Ашық сабақ барысында қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, өз тәжірибелері мен бақылауларынан мысалдар келтірді. Студенттер қазіргі заманғы саясатты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде әлеуметтік желілердің әсерін атап өтті. Пікірталас үлкен қызығушылық тудырды және қатысушылар болашақта осы тақырып бойынша білімдерін тереңдетуге ниет білдірді. Сабақ соңында студенттер маңызды қорытындылар жасап, өз бетінше ізденудің жаңа бағыттарын анықтады.