ТДМ-4: Студенттер театрда «Мұғалім» қойылымын тамашалады
Университетіміздің Философия және саясаттану факультетінің студенттері 15 қазан күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Мұғалім» қойылымын тамашалады.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады», десек те, ата-ана мен бала арасында түсініспеушілік орын алатын жағдайлар да жоқ емес. Жас ұрпағымыздың адамдық қалыбын қалыптастыруға ата-анадан соң күш салатын тұлға ол – ұстаз.
«Мұғалімә қойылымы – педагог мәртебесін көтеруде ұлттық мұратымызға жеткізуге жәрдемесетін сахналық рухани үлес. Бұл драманың ауқымы кең, әрі бүгінгі заманмен үндес. Қойылым өзінің көрерменіне қоғамда болып жатқан ата-ана мен бала арасындағықарым-қатынасты өте әсерлі жеткізеді.
Студент жастарымыздың мәдениет ошағы театрға барып, мәні мен мазмұны терең осындай қойылымдарды тамашалап, ой түюі, өзіне қажетті ақпараттарды алуы – бізді қуантады.