- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ: Тұрақты даму мақсаттарының бағыттарын жүзеге асыру мен насихаттау бойынша іс-шаралар мен акциялар өтті
ТДМ: Тұрақты даму мақсаттарының бағыттарын жүзеге асыру мен насихаттау бойынша іс-шаралар мен акциялар өтті
Білім ордамыздың жастарының арасында тұрақты даму мақсаттарын кең түрде насихаттап, оның бағыттарын жүзеге асыру бойынша түрлі іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылуда.
Университеттегі Жастар ұйымдары комитетінің бастамасымен білім алушы жастар арасында 7-12 қазан аралығында «Суды үнемдейік», «Гендерлік теңдік», «АҚТҚ/ЖИТС, Түбіркүлез ТОҚТА», «Нашақорлыққа жол жоқ», Машинасыз бір күн», «Жарықты үнемдеу», «Жақсылық жаса», «ВOOK CLUB FARABI» тақырыбында іс-шаралар мен акциялар сәтті ұйымдастырылды.
Әлемде маңызды әрі үлкен мәселеге айналып отырған су мен жарықты үнмедеу, денсаулық, қоршаған орта, адамзат арасындағы теңдік сынды тақырыптар біздің жастарымызды да ойландырады. Осы қиындықтарды бірлескен түрде ауызбіршілікпен шешу үшін олардың әрекет етіп, өз үлестерін қосатынын сөзсіз. Сонымен қатар студенттеріміз аталған тақырыптарды өздері сияқты жастар мен қоғамға кең түрде таратуды мақсат етіп, бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялады.