ТДМ-4: «Сұңқар кубогы – 2024» КВН ойындарының финалдық кезеңі өтті
Университетімізде 11 қазан күні тамаша әзіл мен тартысқа толы «Сұңқар кубогы – 2024» КВН ойындарының финалыдық кезеңі өтіп, сайыс өз мәресіне жетті!
Жаңару маусымы жаңалықтарға толы болды. «Сұңқар кубогы – 2024» КВН ойындарының финалдық кезеңінде университет бойынша 4️ құрама бақ сынап, сахнада өздерінің ең үздік әзілдерімен көрермендерді қуантты. Финал нәтижесі төмендегідей:
🥇І орын – Механика-математика факультеті, «Farabi» құрамасы 500 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен;
🥈 ІІ орын – География және табиғатты пайдалану факультеті, «Миллиард» құрамасы 200 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен;
🥉 ІІІ орын – Журналистика факультеті, «БАҚ» құрамасы 100 000 тгеңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.
ІV орын – Химия және химия технологиялық факультеті, «Авангард» құрамасы табиғатымен тамсандыратын Көлсай демалыс орнына жолдаманы иемденді. Ал, «Үздік ойыншы» номинациясымен Тілеміс Саят марапатталып, Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына жолдама ұтып алды.
Жеңімпаздаырмызды құттықтаймыз!