- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті ТДМ шеңберінде «Аштықты жою» тақырыбында семинар ұйымдастырды
Шығыстану факультеті ТДМ шеңберінде «Аштықты жою» тақырыбында семинар ұйымдастырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ): Аштықты жою» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Мошқал М.А. жүргізді. Бұл іс-шараға Шығыстану мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Олар қазіргі әлемдегі аштық пен азық-түлік қауіпсіздігі секілді жаһандық мәселелерді талқылауға белсенді түрде атсалысты. Семинардың басты мақсаты - Тұрақты дамудың екінші мақсатын (ТДМ) ашып көрсету. Бұл мақсат аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтану сапасын арттыруға және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған. Іс-шара барысында студенттер әлемдегі қазіргі ахуалмен танысып, аштықтың себеп-салдарын талқылап, осы салада табыстарға жеткен елдердің тәжірибесін қарастырды.
Студенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының аштықпен күрес жолындағы бастамаларымен танысып, Жапонияның азық-түлік мәселелерін шешудегі тәжірибесін зерттеді. Сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығы саясаты мен инновациялардың азық-түлік қолжетімділігін арттырудағы рөлі талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша студенттер жаһандық мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігердің қажеттілігін түсінетінін көрсетті. Қатысушылар ТДМ-ға байланысты тақырыптарды әрі қарай зерттеуге және тұрақты даму мақсаттарына жетуге өз үлестерін қосуға ниет білдірді.
Бұл шара тұрақты даму мәселелері бойынша студенттерге білім беру жұмысының маңыздылығын көрсетті. Сонымен бірге, семинарға қатысушылар Қазақстан мен басқа елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаһандық проблемаларды талқылаудың маңыздылығына көз жеткізді.