Білімді ұрпақ - ел болашағы

16 қазан, 2024

Математика мамандығының 3 курс студенттері ММ-22-4 тобы мен топ кураторы Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы "Білімді ұрпақ - ел болашағы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер білімнің қоғамдағы рөлі мен Тұрақты даму мақсаттарының маңыздылығын талқылады.
Сабақтың алғашқы кезеңінде куратор студенттерге "Білімді ұрпақ" түсінігін түсіндіріп, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Оқушылардың әртүрлі жауаптары білімге деген көзқарастың кең спектрін көрсетті. Келесі бөлімде студенттер топтарға бөлініп, ТДМ #4-"Сапалы білім" мақсатына тоқталып, білім алу мен дамытудағы қиындықтарды талқылады. Талқылау барысында студенттердің белсенділігі ерекше назарға алынды. Олар өз пікірлерін ашық білдіріп, білімнің маңыздылығын тереңірек түсінді.
Сабақтың практикалық бөлімі кезінде студенттер білім алу жолындағы қиындықтарды brainstorm-инг әдісі арқылы талқылады. Олар білім алу үшін қажетті әрекеттерді анықтап, жеке мақсаттарын белгілеп, өз-өздерін мотивациялау жолдарын қарастырды. Сабақ соңында куратор студенттердің алған білімдерін қалай қолданатынын және елдің болашағына тигізетін әсерін талқылады.
Бұл ашық сабақ білімді ұрпақтың маңыздылығын, Тұрақты даму мақсаттарының рөлін түсінуге мүмкіндік берді. Бұл өткізіліп жатқан іс-шара Тұрақты Даму Мақсаттарының 4-ші мақсатына сәйкес келеді. Студенттердің белсенділігі мен пікір алмасу дағдыларының дамуына ықпал етті. Білімді ұрпақ – ел болашағы! Студенттер бұл принципті естен шығармай, білім алу жолында өздеріне міндеттемелер қойды.

Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары