Ұлттық құндылықтарымыз – руханиятымыз
2024 жылдың 15 қазанында Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 1-курс студенттерімен ҚР-ның Республика күніне арналған «Ұлттық құндылықтарымыз – руханиятымыз» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты жастардың бойында рухани болмысты қалыптастыру, патриоттық семіздерін ояту мен ұлттық киім киюге деген құштарлығын арттыру. Тәрбие сағаты барысында түркітану мамандығының 1-курс студенттері ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық биін билеп, домбырада күй шертілді. Абай Құнанбайұлың «Көзімнің қарасы» әні студенттер тарапынан орындалды. Ашық тәрбие сағатына түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да қатысты. Дәріс барысында кафедра меңгерушісінің орынбасары Кудярова Шолпан Таубаевна да өз пікірін білдірді. Тарибие сағатының негізгі мақсаттарының бірі ҚазҰУ-да әр жұма сайынғы ұлттық киім кию дәстүріне қолдау білдіру. Тәрбие сағатының соңына қарай қатысушы профессор-оқытушылар құрамы жеке пікірлерін білдіріп, ұлттық құндылықтарымыздың руханиятымыз үшін маңызы зор екенін тілге тиек етіп өтті.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Аширкулов К.Б