Ұлттық сусын жаңа форматта: Қымыз-Пати

15 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 17-і бағыты бойынша белсенділік танытып, іске асырады. Тұрақты даму бағдарламасының 3-ші бағытына жататын «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбы аясында Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымымен «Ұлттық сусын жаңа форматта:Қымыз-Пати» атты ұлттық сусындарымызды дәріптеу және жастар арасында өз ұлттық сусындарымызды брендке айналдыру мақсатында іс-шара өтті.

Аталған іс-шара университетіміздің №10 студенттер жатақханасында ұйымдастырылып, 1- 4 курс студенттері қатысты. Кафедрамыздың меңгерушісі, академик Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы шараның алғы сөзін сөйлеп студенттерге қымыздың шығу тарихымен қатар факультетіміз бен кафедрамыздағы жаңалықтар мен алдағы болатын жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар аталған іс-шараға кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, т.ғ.к., доцент Ноянов Еділ Ноянұлы мен кафедра меңгерушісінің халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары, т.ғ.к, аға оқытушы Арынов Жұмақан Мақанұлы және Ф. Қозыбақова, Н.Тасилова, Ж.Бекбауова - оқытушыларымыз қатысты.

Іс-шараға қатысқан студенттерге бірнеше литр қымызбен қатар бауырсақ таратылып, кең тараған сүт өнімдеріміздің бірі - құрт үлестірілді. Ұлттық сусын - қымыздың ел тұрмысында алатын орны ерекшелігімен қатар денсаулыққа зор пайдасын тигізіп, күздің қоңыр күзінде түскен иммуниттеті көтеретін таптырмас құрал екенін еске алсақ  жатақханада тұратын студенттер үшін бұл іс-шара нағыз уақытында болып жатқанын айтты. Сонымен қатар студенттер тарапынан Қазақстан кафедрасы ұжымына өз оқытушыларына ерекше алғыс білдірді.