Мирас Абдрахимовтың «ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Жетісу облысының қазақ шенеуніктері: қалыптасуы және құрылымы» атты докторлық диссертациясы талқыланды

15 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №4. Сапалы білім

2024 жылдың 15 қазанында Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының отырысында Мирас Абдрахимовтың «ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Жетісу облысының қазақ шенеуніктері: қалыптасуы және құрылымы» атты докторлық диссертациясы талқыланды. Ғылыми жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Султангалиева Гульмира Салимжановна болып табылады. Диссертациялық кеңестің мүшелері мен рецензенттер жұмыспен танысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Зерттеу тақырыбы

Диссертацияда Жетісу облысындағы қазақ шенеуніктерінің қалыптасу процесі, олардың әлеуметтік тегі, білім деңгейі, мансаптық өсу жолдары, атқарған қызметтері мен өкілеттіктері, сондай-ақ орыс әкімшілігімен қарым-қатынасы жан-жақты зерттеледі. Автор мұрағаттық құжаттарды, заңнамалық актілерді, статистикалық мәліметтерді және басқа да дереккөздерді пайдалана отырып, қазақ шенеуніктерінің саны, ұлттық құрамы, әлеуметтік мәртебесі туралы нақты мәліметтер келтіреді.

Күтілетін нәтижелер

Зерттеу жұмысының нәтижелері Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен ғылыми еңбектерді жетілдіруге, Жетісу өңірінің тарихын одан әрі зерттеуге, сондай-ақ тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының жауапты профессорлары Г.С. Сұлтанғалиева, Р.С. Мырзабекова