- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі полицияның атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі полицияның атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады
Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік
08.10.2024 ж., Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің отырысында Алматы қаласы полиция департаментінің үстіміздегі жылдың басынан бүгінгі күнге дейін атқарған қызметі туралы департамент басшысы генерал-майор А.Р.Заппаровтың есебі тыңдалды.
Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, полиция департаментінің басшылығы, аудандық полиция басқармаларының өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырысты Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің № 1 комиссиясының төрағасы, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Б.А. Жапаров ашты. Алғашқы болып Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.О. Көбеева сөз сөйледі.
Келесі болып сөз алған полиция департаментінің басшысы генерал-майор А.Р.Заппаров жоғарыда аталған мерзімде қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауда орын алған мәселелер мен оларды шешу жолындағы атқарылған істер жөнінде көлемді, әрі дәйекті мағлұматтар берді. Келтірілген деректер қала бойынша қауыпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан жүйелі жұмыстардың тиімді атқарылып жатқандығын көрсетеді.
Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі О.В.Агафонова Интернеттік алаяқтықпен күресу жолында және жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының киберқауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан іс-шараларға тоқталды.
Қоғамдық кеңес мүшелері мен қатысушылар тарапынан қойылған жан-жақты сұрақтарға департамент басшылары нақты жауаптар берді. Қоғамдық кеңес мүшелері полиция департаментінің есебіне оң баға беріп, есепті қабылдады.
Жауапты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Б.А. Джапаров