«Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында дәріс өтті

18 қазан, 2024

2024 жылдың 18 жұлдызы ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Кантарбаева Жанна Уринбасаровна «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында тыңдаушыларға дәріс оқыды. Бұл дәрістің мақсаты - қазіргі жаһандану заманындағы мемлекетіміз бен ұлтымыздың бірегейлігін сақтау үшін ұлттық болмысымызды, дәстүрлі мәдениетімізді және рухани құндылықтарымызды танып білу. Сонымен бірге, тыңдаушыларға діни экстремизм және терроризм туралы мағұлмат бере отырып, жастарды одан аулақ болуға, әр түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, адасудан сақтандыру болып табылады. Дәріс барысында тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Жанна Уринбасаровна сұрақтарға жауап беріп отырды. Дәріс жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар ризашылығын білдірді.