Заң және тәртіп: Қоғамдық тәртіпті сақтау
19 қазан, 2024
2024 жылғы 18 қазанда 317 аудиторияда доктор PhD доцент м.а. Карашева Ж.Т.эдвайзерлік 310 тобымен “Заң және тәртіп: Қоғамдық тәртіпті сақтау” тақырыбына арналған дәріс-талқылауы өтті. Кездесудің мақсаты студенттерді қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерінің маңыздылығымен таныстыру және құқықтық жүйенің қоғамдағы рөлі туралы ашық диалог үшін платформа құру болды.
Эдвайзер Карашева Ж.Т. талқылау барысында келесі міндеттерге назар аударды:
1.Қоғамдық тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін маңыздылығын көрсету.
2.Құқықтық нормалардың орындалуы мен құқық қорғау органдарының қызметінің қоғамға әсерін талдау.
3.Студенттердің құқықтық мәселелер бойынша сыни ойлауын қалыптастыру.
Талқылау барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
1.Құқықтық жүйенің тиімділігі: Заң үстемдігі қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықтық жүйенің сенімділігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор ретінде қаралды. Заңдардың әділ және біркелкі қолданылуының қоғамға әсері талқыланды.
2.Құқық қорғау органдарының рөлі: Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі полиция мен сот органдарының маңыздылығы, сондай-ақ олардың құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қызметтері талқыланды.
3.Құқықтық мәдениеттің маңызы: Құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінуі қоғамдық тәртіпті нығайтудың негізгі жолдары ретінде аталды.
4. Алдын алу шаралары: Құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін алдын алу шараларының маңыздылығы, оның ішінде құқықтық ағартудың қажеттілігі айтылды.
Студенттер қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша белсенді пікір білдіріп, оның қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікке тигізер әсері туралы сұрақтар қойды. Құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды.
“Заң және тәртіп: Қоғамдық тәртіпті сақтау” тақырыбындағы дәріс-талқылау студенттердің құқықтық сана-сезімін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне қатысты өздерінің рөлін түсінуге бағытталған маңызды қадам болды. Карашева Ж.Т., осындай кездесулерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір студенттің қоғамдағы өз орны мен жауапкершілігін сезінуі маңызды екенін жеткізді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024