ТДМ-4: «Лудомания-қоғам дерті» тақырыбында семинар өтті.

10 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 10 қазан күні студенттерге арналған «Лудомания-қоғам дерті» тақырыбында дәріс өткізді.

«Лудомания» бұл қоғамның-дерті. Адам өмірі, денсаулығы, психикасы және айналасындағы адамдар үшін де зиянды әсері бар күрделі феномен болып табылады. Дәріс барысында бүгінгі күні жастар арасында белең алып жатқан құмарлық ойындарға қатысты «бас тігу» «қаржылық қабілеттілік» «бай болудың жолдары» секілді тақырыптар кеңінен сөз болды. Олардың қазіргі кездегі жастар өміріндегі алатын орындары толық айтылды. Дәріс кезінде көптеген қоғамда лудоманияға байланысты орын алған мысалдар келтіріліп, студенттерде өз өмірінен қаржылық мәселесіне байланысты оқиғаларымен бөлісіп, дәрістің пайдалы әрі қызықты өтуіне үлкен септегін тигізді.

Дәрістің мақсаты- құмар ойындарға тәуелділік мәселелері бойынша рационалды сананы, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру және оны дамыту, уақытты тиімді пайдалану мен денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын дәріптеу. Дәріс соңында студенттер қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Бұл кездесу маңызды тәрбиелік мәнге ие болды деп толық айта аламыз.