- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы кәсіби-бағдар беру жұмысын жүргізді
Тұрақты даму мақсаттары аясында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы кәсіби-бағдар беру жұмысын жүргізді
Тұрақты даму мақсаттары аясында сапалы білім беруді жақсарту мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары Г.К. Теменова мен А.Ж. Назарова және 4 курс студенттері Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернаты колледжінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби-бағдар беру жұмысын жүргізді.
Оқытушылар мектеп оқушыларына шығыстану факультеті және Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының тарихымен таныстыра отырып, факультетте оқытылатын тілдер мен бағдарламалар, шетелде өтетін тілдік тағылымдамалар мен серіктес университеттер жайында ақпараттар беріп, шығыс тілдерін меңгерудің артықшылықтарын түсіндірді. 4 курс студенттері студенттік өмірлеріндегі қызықты оқиғалары мен Түркия елінде тілдік тағылымдаманың ерекшеліктерін айтып, мектеп оқушыларының қызығушылығын оятты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы кәсіби-бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға ат салысқан мектеп директоры С.Қ. Сырлыбаев мырзаға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Р. Байтуроваға, оқу бөлімінің әдіскері З.А. Касымбековаға, ағылшын тілі мұғалімі А.Е. Аукен мен тарих пәні мұғалімі Ү.Қ.Айтақыноваға алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта да байланыстардың тереңдей түсетіне сенім білдірді.
Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары: Г.К. Теменова, А.Ж. Назарова